• 06.10.2021
    113

    «Қазақфильм» «Мұқағали» фильмінің трейлерін шығарды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы YouTube-те белгілі ақынның 90 жылдығына арналған «Мұқағали» көркем фильмінің трейлерін жариялады. Картинаның режиссері – Болат Қалымбетов («Сардар», «Талан»). 

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген көркем фильм көрермендерге қазақтың аты аңызға айналған ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы әңгімелейді. 

    Режиссер Болат Қалымбетовтың айтуынша, Мақатаев туралы фильм түсіру идеясы15 жыл бойы көкейінде жүрген. Көркем фильмнің түсірілімі 2019 жылы маусымда басталып, 2020 жылы қыркүйекте аяқталды. Фильмнің түсірілімі Өскеменде, Алматыда, Санкт-Петербург және де Алматы облысында өтті. 

    Мұқағали Мақатаев – қазақтың ақиық ақыны. Ол өз жырларымен оқырмандардың жүрегіне жол тауып, Уильям Шекспирдің сонеттерін, Уолт Уитменнің өлеңдерін, Дантенің «Құдыретті комедиясын» және басқа да көптеген шығармаларды қазақ тіліне аудаған. 

    Фильм 2021 жылы 21 қазанда Қазақстанның барлық кинотеатрларында прокатқа шығады.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020