• 06.10.2021
    66

    Бішкекте Қазақстандық кино күндері өтеді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Ертең, 7 қазанда Бішкектегі «Манас» кинотеатрында Қырғыз Республикасындағы Қазақстан Республикасының мәдениеті күндері аясында Қырғызстандағы Қазақстандық кино күндерінің ашылуы өтеді.

    Кино күндерінің шымылдығын режиссер Рүстем Әбдірашовтың «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі ашады. Кешкі сағат 19:00-де көрермендерге режиссер Ақан Сатаев түсірген «Анаға апарар жол» көркем фильмі ұсынылады. Айта кету керек, ашылу салтанатында қонақтар КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазақфильм» киностудиясының көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімовпен кездеседі.

              Сонымен қатар, Қазақстандық кино күндері аясында «Қазақфильм» киностудиясы шығарған: Рашид Сүлейменовтың «Оралу» драмасы, Рүстем Абдрашов түсірген тарихи диологияның екінші фильмі – «Қазақ хандығы. Алтын тақ», Ақан Сатаев түсірген «Жаужүрек мың бала» тарихи фильмі, Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы түсірген «Мұзбалақ» және Адай Әбелдиновтың «Күлтегін» анимациялық фильмдері көрсетіледі.

              Қазақстандық кино күндері 9 қазанда Ақан Сатаев түсірген «Томирис» тарихи фильмінің көрсетілімімен аяқталады («Манас» кинотеатры, 19:00).

    Барлық көрсетілімдер «Ресей», «Манас» және «Октябрь» кинотеатрларында өтеді. Кіруі тегін.

    Қазақ мәдениеті күндері аясында Қазақстанның өнер қайраткерлерінің гала-концерті, Қазақстанның археологиялық жәдігерлері бар суреттер көрмесі, этно-фольклорлық концерт және «Абай» операсы өтетінін айта кеткен жөн. Шараға Қазақстанның 300-ден астам танымал мәдениет қызметкерлері қатысады, олардың ішінде: Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев, Қазақстан Республикасының халық әртістері Алтынбек Қорозбаев, Мақпал Жүнісова, Нұржамал Үсенбаева және т.б. Қырғызстандағы Қазақ мәдениеті күндерінің шығармашылық делегациясын ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бастап барады.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020