• 01.10.2021
    69

    Тимур Бекмамбетов Қазақстан мен Өзбекстанда Қожа Насыр туралы мультфильм түсіреді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Бүгін, 1 қазанда Ташкенттегі «Жібек жолының інжу-маржаны» халықаралық кинофестивалі аясында «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «Базелевс» компаниясы мен Өзбекстан ұлттық кинематография агенттігі арасында келісімге қол қойылды. Аталған іс-шара Ресей мен Орталық Азия елдерінің бірлескен өндірісіне арналған басқосу барысында өтті.

    Келісім құжатына «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Айдархан Әділбаев, «Базелевс» компаниясының бас продюсері Тимур Бекмамбетов және Өзбекстан Республикасы Кинематография агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликов қол қойды.

    Келісім бойынша, Тимур Бекмамбетовтің жаңа анимациялық жобасы аңызға айналған Шығыс кейіпкері Қожа Насырдың шытырман оқиғалары Қазақстан мен Өзбекстанда өтеді. Сондай-ақ, Тимур Бекмамбетовтың «Базелевс» кинокомпаниясы «Қазақфильм» киностудиясымен және Өзбекстан Ұлттық кинематография агенттігімен бірлесіп Қазақстан мен Өзбекстанда анимация мектептерін ашады.

    - Орта Азия елдерінде Қожа Насырды қатты құрметтейді әрі жақсы көреді және оның туған жері осында деп есептеледі. Біз KION-мен бірге ертегілер мен тәмсілдердің сүйікті кейіпкерінің шытырман оқиғалары туралы анимациялық фильмді оның отаны Шығыс пен Орталық Азияда түсіретінімізге қуаныштымыз. Сонымен қатар бұл жобада бізге жергілікті суретшілер анимация жасауға көмектеседі, – деп, пікірін білдірді Тимур Бекмамбетов.

    - Біздің мемлекет анимацияның дамуына үлкен көңіл бөледі. Биыл «Ел рухы» ұлттық жобасы аясында біздің елдің басшылығы «Қазақанимация» жобасын қолдады. Әрине, Базелевс компаниясымен және Өзбекстан Республикасының Кинематография агенттігімен жасалған стратегиялық келісім – анимация индустриясының жаңа «бастауы» және біздің елдер арасындағы жемісті ынтымақтастықтың бастауы, – деді «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Айдархан Әділбаев.

    Айта кету керек, жаңа «Қожа Насыр» мультфильмі жылдың басында Мәскеуде тұсауы кесілген Бекмамбетовтың қуыршақтар қойылымының сюжетіне негізделетін болады.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020