• 30.09.2021
    62

    «Қазақфильм» мен «Өзбеккино» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    29 қыркүйек күні XIII «Жібек жолының інжу-маржаны» атты Ташкент халықаралық кинофестивалі аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев пен «Өзбеккино» ҰА бас директоры Фирдавс Абдухаликов ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

    -  Қазақстанмен бір емес, бірден екі жобаға қол қойып жатқанымызға баршаңыз куә болып отырсыздар. Қос жоба өз көрерменін, өз аудиториясын табуын нәсіп етсін! Бәрі біз ойлағандай болсын деп тілеймін», - деді «Өзбеккино» бас директоры Фирдавс Абдухаликов.

    Өз кезегінде киностудия президенті Ақан Сатаев  өзбек әріптестерін кинофестивальдің қайта жандануымен құттықтап, жемісті және тиімді ынтымақтастыққа үміт білдірді. Сонымен қатар ол ұйымдастырушыларға қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді. Шара соңында Ақан Сатаев «Өзбеккино» басшысына Шәкен Аймановтың фильмдері бар DVD жинағын естелік ретінде сыйға тартты.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020