• 17.09.2021
    234

    Асқар Мамин «Қазақфильм» киностудиясына барып қайтты

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Кеше ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына барып қайтты. Үкімет басшысын киностудияның көркемдік жетекшісі, КСРО халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов және «Қазақфильмнің»  президенті Ақан Сатаев қарсы алды.

    Кездесу барысында Премьер-министр еліміздің басты киноалаңы – «Қазақфильм» киностудиясының тыныс-тіршілігі және даму перспективаларымен, сондай-ақ алдағы жоспарларымен танысты.  

    - Ұлттық кино өнеріне зор көңіл бөліп, жан-жақты қолдау көрсетіп жатқаныңызға алғыс айтамыз. Мемлекеттің қолдауы арқасында киностудияны халықаралық деңгейге шағарамыз деген басты мақсатымызға жетеміз деп нық сенемін, - деді Ақан Сатаев.  

    Сонымен қатар «Қазақфильмнің» президенті 2021-2023 жылдарға жоспарланған киностудияны жаңғырту бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, бүгінгі күні кино өндірісіне қажетті аппаратуралар сатып алынып жатыр. Сондай-ақ ол киностудияның ғимараттары мен құрылыстарын жөндеу және инженерлік желілерді жаңарту жобаларымен таныстырды.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020