• 16.09.2021
    218

    «Шынырау» фильмі Ресейде өтетін кинофестивальге қатысады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Режиссер Жаңабек Жетіруов түсірген «Шыңырау» көркем фильмі Ресейде өтетін XXVII Халықаралық «Әдебиет және кино» атты кинофестивальдің негізгі байқауына қатысады. Гатчина қаласында қыркүйектің 24-і мен қазанның 2-сі аралығында өтетін фестиваль шеңберінде әдеби негізі бар, жазушылардың шығармалары желесімен түсірілген кинотуындылар ғана көрсетілетінін айта кеткен жөн.  

     

    Естеріңізге сала кетсек, Әбіш Кекілбаевтың повесі «Шыңыраудың» желісі бойынша түсірілген картина құдық қазушы Еңсептің оқиғасын баяндай отырып, менмендік, бақталастық, махаббат, достық, қастандық сынды адамға тән құбылыстарды көтереді.

     

    - Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі  желісімен түсірілген фильм дүние жүзіне есімдері белгілі  Толстой, Чехов, Достоевский, Кафка сияқты ұлы жазушылардың шығармасы бойынша түсірілген фильмдермен бір конкурстық бағдарламада көрсетілетініне қуаныштымын, - деді режиссер Жаңабек Жетіруов.

     

    Айта кетсек, «Әдебиет және кино» кинофестивалі ең алғаш 27 жыл бұрын 1995 жылы Гатчина қаласында өткен болатын. Фестиваль шеңберінде жыл сайын ресейлік және әлемдік жаңа фильмдер көрсетіледі.

     

    Қыркүйектің 24-де аталған фестиваль Алексей Тельновтың «Архипелаг» фильмімен ашылады. Негізгі байқауға барлығы 24 туынды қатысады.

     

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Шыңырау» көркем фильмі қыркүйектің 28-і күні сағат 19:00-де «Победа» киноконцерт залында (Гатчина қ-сы,  25-ші Октябрь көш., 5 үй) көрсетіледі.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020