• 13.09.2021
    10

    «Қазақфильм» сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу туралы келісімге қол қойды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев және Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің басшысы Мұрат Ахметов өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Кездесу барысында екі жақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жүйесін қалыптастыру жоспарларымен бөлісті.

    Айта кетсек, бүгінде «Қазақфильм» киностудиясы мәдениет саласында комплаенс-қызметі енгізілген бірден бір ұйым. Бұл бөлімнің басты міндеті - ұйым мен қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңын сақтауын қамтамасыз ету.

    Жақында Antikor «Қазақфильм» АҚ қызметінде бұзушылықтардың алдын алуға ықпал ететін маңызды тетігінің бірі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

    «Қазақфильм» киностудиясы комплаенс-қызметтің ұйым ішіндегі сыбайлас жемқорлықтың іс-әрекеттерді болдырмау және алдын алу құралы ретінде тиімді болатынына сенеді.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020