• 03.09.2021
    337

    Алматы облысында «Ақтастағы Ахико» фильмінің түсірілімдері басталды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Ақтастағы Ахико» фильмінің түсірілімдерін қайта қолға алды. Шынайы оқиғаға негізделген кең ауқымды тарихи киножобада Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұтқынға түскен Жапонияның әскери училищенің курсанты Ахико Тэцуроның өмір жолы мен тағдыры баяндалады. Фильмнің режиссері - Елдар Қапаров.

    Кеше Алматы облысы Қарасай ауданы Долан ауылының маңында түсіріліп жатқан тарихи кинотуындының түсірілімдеріне еліміздің бұқара ақпарат құралдары өкілдері арнайы барды. Олар фильмнің түсіру барысымен танысып, шығармашылық топ өкілдерімен тілдесіп қайтты.

    Баспасөз туры барысында «Сталинге сыйлық» (реж.Рүстем Әбдірашов) және «Жаужүрек мың бала» (реж. Ақан Сатаев) фильмдері арқылы танылған продюсер Әлия Уәлжанова журналистерге кинотуындының халықаралық түсіру тобын таныстырды, олар: жас режиссер Елдар Қапаров (Қазақстан), қоюшы оператор Самат Шәріпов (Қазақстан), қоюшы суретші Нұрболат Жапақов ((Қазақстан), тең режиссер әрі тең продюсер Сано Синдзю (Жапония), басты рөлдерді сомдайтын актерлер – Сырым Қашқабаев (Қазақстан) және Эйсаку Огасавараны (Жапония).

    Ахико Тэцуро туралы фильмді түсіру  идеясы осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болды. Оның қилы тағдырын естіп білген соң, онымен танысып, кейінгі өмірі туралы білгім келді. Сол мақсатпен 2007 жылы Қарағанды облысы Ақтас ауылына барып, Ахико Тэцуромен таныстым. Ол туралы деректі фильмді де түсірдік. Ол өз тағдыры туралы егжей-тегжей баяндап берді. Осылайша көркем фильмнің сценарийі дүниеге келді, - деді фильмнің продюсері әрі тең режиссері Әлия Уәлжанова.

    Айта кетсек, «Ақтастағы Ахико» көркем фильмі 2019 жылдың басында өндіріске жіберілген болатын. Кинотуындының продюсері Әлия Уәлжанованың айтуына қарағанда сол жылы қыркүйек айында фильмнің кейбір сахналары Қапшағай қаласының маңында тұрғызылған «Карафуто» декорациясында жүргізілген, кейін пандемияға байланысты фильмнің түсірілімдері уақытша тоқтатылған екен.

    Естеріңізге сала кетсек, «Ақтастағы Ахико» фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсірілуде. Тарихи кинотуынды 2022 жылдың соңында қалың көрермендерге ұсынылатын болады.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020