• 26.07.2021
    101

    «Күнбағыс» фильмі шетелдік фестивальдерде бірнеше жүлдеге ие болды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Бүгінгі таңда режиссер Эля Гильманнның «Күнбағыс» фильмі 16 бірдей халықаралық фестивальге қатысып, 25-тен астам жүлдеге ие болды. Аталған кинотуынды жақында ғана Францияда өткен Red Movie Awards фестивалінде «Үздік драма» жүлдесін, халықаралық Tokyo International Monthly Film Festival фестивалінде «Үздік режиссер» және Cannes Film Awards  кинофестивалінде «Азияның үздік актері» (актер Еркебұлан Дайыров) жүлделерін, сонымен қатар Paris Film Festival фестивалінде арнайы жүлдені қанжығасына байлады.

     

    - Осындай халықаралық деңгейдегі жетістіктерімізбен фильмнің түсірілім тобын, актерлерімізді және «Қазақфильм» киностудиясын құттықтаймын. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Бүгінгі таңда «Күнбағыс» фильмі Лос-Анджелес пен Байа Калифорния штатында өтетін тағы да екі фестивальдің байқауына ілікті. Сондай-ақ Қытай, Тайланд, Филиппин, Финляндия, Армения және Канадада өтетін фестивальдерден жаңалық күтіп отырмыз. Бүкіл әлем көрермендерінің ықылас-ілтипатына бөленіп, дүниежүзінің кино өнері шеберлерінің жоғары бағасын алған осы бір кинотуындыны түсіргенімізге қуаныштымын,- деді режиссер Эля Гильман.

     

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы «Сталкер Синема» ЖШС-мен бірлесіп түсірген фильм мектептегі және үйдегі қиындықтардан қашып, ғаламторға тәуелді болған Әмір есімді 14 жастағы жасөспірім туралы баяндайды. Шынайы өмірге қарағанда виртуалды әлемде бәрі оңай және түсінікті көрінгенімен, отбасындағы және мектептегі шиеленіс бүлікке соқтырады...

     

    Басты кейіпкер Әмірдің рөлін Рашид Мусин сомдады. Актер Cannes World Film Festival және Istanbul Film Awards фестивальдерінде «Үздік жас актер» жүлдесіне ие болған.

     

    Бүгінгі таңда «Күнбағыс» фильмі келесі жүлделерге ие болды:   

     

    ·        «Үздік режиссер» жүлдесі – Venice Film Awards, Crown Wood International Film Festival (India), Paris International Film Festival, Tokyio International Monthly Film Festival;

    ·        «Үздік әйел режиссер» жүлдесі   Cannes World Film Festival, Istanbul Film Awards, New York Cinema Independent Awards, Crown Wood International Film Festival (India);

    ·        «Үздік толықметражды фильм» жүлдесі – New York Cinema Independent Awards, Toronto International Woman Film Festival, Crown Wood International Film Festival (India);

    ·        «Үздік шетел фильмі» жүлдесі – Cannes World Film Festival, Istanbul Film Awards;

    ·        «Үздік драма» жүлдесі – Red Movie Awards (France), Istanbul Film Awards. Prague Film Awards фестивалінде үміткерлер қатарынан көрінген, алайда коронавирус пандемиясына байланысты аталған байқау кейінге шегерілді);

    ·        «Үздік фильм» жүлдесі – Near Nazareth Film Festival (Israel);

    ·        «Үздік актер» жүлдесі – Istanbul Film Awards (Еркебұлан Дайыров, Слобода Мичалович, Рашид Мусин);

    ·        «Үздік жас актер» жүлдесі - Cannes World Film Festival (Рашид Мусин);

    ·        «Азияның үздік актері» жүлдесі - Cannes Film Awards (Еркебұлан Дайыров);

    ·        «Үздік оператор» жүлдесі – Istanbul Film Awards (Алексей Кирюхин);

    ·        «Үздік қоюшы суретші» – Paris International Film Awards, London International Monthly Film Festival (Оксана Азаматова);

    ·        «Аса шеберлігі үшін» жүлдесі, WRPN Women’s International Film Festival;

    ·        Қазылар алқасының арнайы жүлдесі, White Nights Film Festival (Санкт-Петербор қаласы);

    ·        «Құрметті аталым» жүлдесі Paris Film Festival.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020