• 12.07.2021
    166

    «Қазақфильмде» Медиа және кино мектебі талапкерлері шығармашылық емтиханды тапсырып жатыр

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Жаңадан ашылған Медиа және кино мектебінің (Media & Film School) «Сандық кино өндірісі» мамандығына түсу үшін «Қазақфильм» киностудиясында талапкерлерге арналған екінші шығармашылық емтихан өтіп жатыр. Аталған жаңа білім ордасын Алматы МенеджментУниверситеті (AlmaU) және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ  құрғанын айта кеткен жөн.

     

    Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес өткізіліп жатқан емтихан барысында талапкерлер білгірліктерін танытып, болашақ мамандықтары туралы қойылған сауалдарға, сонымен қатар, емтихан алушылардың (белгілі кинорежиссер Дәрежан Өмірбаев, киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнар Әбікеева және киностудияның бас редакторы Ержан Жұмабеков) сұрақтарына жауап берулері тиіс.

     

    Әр шығармашылық емтиханның максималды бағасы – 45 балл, ең минималды баға – 15 балл. Екінші шығармашылық емтиханның нәтижесі бүгін кешке дейін жарияланатын болады.

     

    Айта кетсек, Алматы Менеджмент Университеті және «Қазақфильм» киностудиясы биылғы оқу жылына New Media және Digital Film Making бағдарламалары бойынша бес грант бөліп отыр.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020