• 08.06.2021
    36

    «Күнбағыс» фильмі екі халықаралық фестивальге қатысып жатыр

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Режиссер Эля Гильман түсірген «Күнбағыс» көркем фильмі Израильде 6-8 маусым аралығында өтетін Near Nazareth Festival Халықаралық кинофестивалінің бағдарламасына қатысады. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы «Сталкер Синема» ЖШС-мен бірлесіп түсірген.

    «Күнбағыс» фильмінің оқиға желісі отбасындағы ересек адамдардың мәселесін шешуге тырысқан, интернетке тәуелді 14 жастағы жасөспірім туралы баяндайды.   

    - Бұл оқиға – менің барлық ата-аналарға жолдауым, мен сияқты өз балаларын тәрбиелеп отырған, бүкіл әлемдегі аналар мен әкелер мені түсінеді деп үміттенемін. Жасөспірім болу, ережелердің қысымына қарсы тұру қиын. Біз балаларымызға жақын болуға және оларды жақсы көру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек, - деді режиссер Эля Гильман.

    Near Nazareth Festival жыл сайын дүние жүзінен режиссерлерді шақырып, әлем халықтары арасында достық қарым-қатынас орнатуға жәрдемдесуді мақсат етеді. Бұл фестивальге әртүрлі жанрлар мен санаттағы фильмдер қабылданады.

    Сонымен қатар «Күнбағыс» фильмі бүгіннен бастап жұмыс істейтін Cannes Film Awards халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады. Қазақстандық кинотуынды екі номинация бойынша ұсынылады, ал фестиваль қорытындысы 9-маусым күні жарияланады.

    Айта кету керек, бүгінгі таңда «Күнбағыс» картинасы бірнеше халықаралық кинофестивальдердің жүлдегері атанды. Бұған дейін аталмыш фильм Venice Film Awards фестивалінде «Үздік режиссер» сыйлығын; WRPN Women's International Film Festival фестивалінде «Керемет шеберлігі үшін» сыйлығын (2020); White Nights Film Festival байқауында Қазылар алқасының арнайы сыйлығын (Санкт-Петербург, сәуір, 2021) алды.

              Жуырда өткізілген Istanbul Film Awards халықаралық фестивалінде қазақстандық фильм айдың қорытындысы бойынша бірден 7 марапатқа ие болды: «Үздік драма», «Әйелдер арасындағы үздік режиссер» (Эля Гилман), «Үздік шетелдік фильм», «Үздік оператор» (Алексей Кирюхин), «Үздік бала бейнесі» (Рашид Мусин), «Үздік актер» (Еркебұлан Дайыров) және «Үздік актриса» (Слабода Михалович).

     



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020