• 03.06.2021
    175

    Ш.Айманов атындағы Қазақ киносының мұражайы жаңа экспонаттармен толықты

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Бүгін, 3 маусым Әмен Қайдаровтың туған күнінде «Қазақфильм» киностудиясында маңызды оқиға орын алды. Қазақ мультипликациясының негізін қалаушының немересі Данияр Хасанов Ш.Айманов атындағы Қазақ киносының мұражайына аты аңызға айналған атасының жеке құжаттары мен фотосуреттерін және де медаль мен ордендерін сыйға тартты. Іс-шараға әр жылдары киностудияда мэтрмен бірге жұмыс істеген анимация ардагерлері қатысты.  

    - Қазақстанда анимацияның жандануы мен дамуы Әмен Хайдаровтың есімімен тығыз байланысты. Әмен Әбжанұлының әріптестері мен шәкірттері, сондай-ақ көптеген жас киногерлер оны әрқашан да үлкен құрметпен, жылулықпен және ризашылықпен еске алады. Отбасылық мұраларды сыйға тарту – бұл таң қаларлық игі іс. Сондықтан мен Әмен Әбжанұлының отбасына үлкен алғысымды білдіремін. Қазақ киносы мұражайының қорын толықтыра алатын басқа кино қайраткерлерінің туыстары мен жақындарына сізді үлгі еткім келеді. Біздің мақсатымыз – ұлттық кинематографқа байланысты баға жетпес мұрағаттық экспонаттарды, оның бірегей тарихын сақтау, - деді вице-президент Айдархан Әділбаев.

    - Әмен Әбжанұлының есімін құрметтегеніңіз үшін көп рахмет. Ол киностудияны өте жақсы көретін және қазақ анимациясымен байланысты барлық нәрсе «Қазақфильмге» тиесілі екенін жиі айтатын, сондықтан да отбасымызбен оның заттарын киностудия жанындағы Қазақ киносы мұражайына беруге шешім қабылдадық. Бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін де өте маңызды, - деді Әмен Қайдаровтың немересі Данияр Хасанов. 

    Сондай-ақ, мұражайға Әмен Әбжанұлының қылқаламынан шыққан Кәрім Қайдаровтың (Ә.Қайдаровтың ұлы) портретін тапсырды. Сонымен қатар, Әмен Әбжанұлының жұбайы – Валентина Қайдарованың медальдары мен құжаттары тұрақты сақтауға берілді, ол туралы бүгін Әмен Қайдаровтың әріптестері де ерекше ықыласпен еске алды.  Олар Валентина Константиновна Әмен Әбжанұлы үшін ең үлкен махаббат пен адал дос қана емес, сонымен бірге жанқиярлық көмекші және, әрине, музасы болғанын айтты. 

    Көптеген адамдар Әмен мен Валентина Қайдаровтардың махаббат хикаясын біледі. Олар 1948 жылы студенттер кезінде кездесті. Әмен Қайдаров Алматы көркемсурет училищесінде, Валентина Константиновна - ҚазМУ-дің филология факультетінде оқыды. Оларды Әмен Әбжанұлының апасы - Райхан таныстырды. Үш жылдан кейін олар үйленіп, Әмен Қайдаров қайтыс болғанға дейін 60 жылдан астам уақыт бірге өмір сүрді.

    Әмен Қайдаровтың немересімен кездесу барысында сыйға тарту туралы келісімге қол қойылды. Іс-шара соңында жиналғандар 2012 жылы ашылуына мэтрдің өзі қатысқан Әмен Әбжанұлының ескерткіш жұлдызына гүл шоқтарын қойды.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020