• 02.06.2021
    40

    FILM.UA Group пен «Қазақфильм» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Қазақстан мен Украинаның ірі киноөндірушілері фильмдер, сериалдар және анимациялық туындыларды жасауда бірлесіп жұмыс істейтін болады.

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ контент жасаумен және дистрибуциямен айналысатын украиналық FILM.UA Group медиа тобымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

    Меморандум көркем, анимациялық, деректі фильмдер мен сериалдарды, жаңа медиа мен диджитал-жобаларға арналған контент құру бойынша бірлескен жұмысты, сондай-ақ тәжірибе мен сараптама алмасуды көздейді.

    Құжатқа «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев және FILM.UA Group компаниясының басшысы Виктория Ярмощук қол қойды.

    «Біз «Қазақфильм» серіктестерінің қатары тағы бір компаниямен толыққанына қуаныштымыз. FILM.UA Group кино және телепродакшн саласының түрлі саласындағы тәжірибесі мол компания. Дистрибуция саласындағы өзара іс-қимылдан басталған біздің ынтымақтастығымыз екі елдің достығын нығайтудағы және кинематографын дамытудағы маңызды қадам болады деп үміттенеміз. Бұл үлкен жолдың басы ғана», — деді «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев.

    «Қазақфильммен» ынтымақтастық – біз үшін өте маңызды қадам. Қазақстанның ең ірі және көне киностудиясының сапалы әрі қызықты киноконтент жасауда мол тәжірибесі мен әлеуеті бар. Және FILM.UA Group, Шығыс Еуропадағы ең ірі медиа топ, біздің де ұсынатынмыз бар. Украиналық, сондай-ақ қазақстандық киносала қорын байытатын қызықты жобалар бойынша жемісті және ұзақ бірлескен жұмысымызға үміттенеміз», – деп, пікірін білдірді Виктория Ярмощук.




Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020