• 26.05.2021
    57

    Сербияда «Қазақ киносының апталығы» өтіп жатыр

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Тұңғыш рет Белградта өтіп жатқан «Қазақстан киносының апталығы» 24-мамыр күні «Жаужүрек мың бала» фильмінің салтанатты көрсетілімімен ашылды. Аталған шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орайластырылды.

    Салтанатты рәсімді Қазақстанның Сербиядағы елшісі Ғабит Сыздықбеков пен Қазақстанмен парламентаралық достық тобының төрағасы Оливера Неделькович ашты. Халықтық Скупщина депутаттары, Үкімет, дипломатиялық корпус өкілдері және Қазақстанның Сербиядағы достары клубының мүшелері іс-шараның құрметті қонақтары болады.

    Өз сөзінде Қазақстан елшісі елдеріміз арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қызмет ететін әрі қазақ халқының терең тарихы және бай мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

    Елшілік Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен және Ш.Айманов «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп Белград тұрғындары мен қонақтары үшін мазмұнды бағдарлама дайындағанын айта кету керек. Бір апта бойы серб көрермендеріне «Жаужүрек мың бала», «Анаға апарар жол», «Аманат», «Құнанбай», «Шырақшы», «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», «Қазақ хандығы. Алтын тақ», «Балуан Шолақ», «Жақсылық», «Мұзбалақ» және «Күлтегін» секілді көркем және анимациялық фильмдер ұсынылады.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020