• 24.05.2021
    101

    «Қазақфильм» қызметкерлері кәсіби мерекеге орай марапатталды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Қазақфильмнің» президенті Ақан Сатаев киностудия қызметкерлеріне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыстады.

    - Сіздердің еңбектеріңіз бен жоғары кәсібилігіңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Сіздер киностудиямыздың дамуына лайықты үлес қосудасыздар, - деді Ақан Сатаев.

    Құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен:  «Қазақфильм» киностудиясы Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы Рая Демеубаева, техникалық қызмет басшысының м.а. Әлібек Өтешов, өндіріс бөлімінің басшысы Күләш Жұмаханова, халықаралық бөлімнің басшысы Ольга Хлащева, Баспасөз қызметінің жетекшісі Бауыржан Үсенов, экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы Динара Жапарова, Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Анар Тұрғынбекова, аудиовизуалды жобаларды үйлестіру бөлімінің басшысы Дина Нұрмұханова, аудитор Назира Тоқмолдаева және техникалық қолдау инженері Асқар Есқалиев марапатталды.

    Сондай-ақ 21 мамырда мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Мәдениет саласы үздігі» төсбелгісімен: режиссер Ұлжан Қолдауованы, бейнеинженер Куляим Қожамбердиеваны, өндіріс бөлімінің Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілі Ләйлім Есімова мен киностудияның вице-президенті Айдархан Әділбаевты марапаттады.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020