• 29.03.2021
    420

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ вице-президенті тағайындалды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті лауазымына Айдар Баталов тағайындалды. Осы қызметке ұсынылған оның кандидатурасы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов төралығымен өткен Қоғамның Директорлар кеңесі отырысында бірдауыстан қолдау тапты.

    Айдар Баталов 1987 жылы 13 желтоқсанда дүниеге келген. 2010 жылы London Film Academy академиясын тәмамдағаннан кейін Қазақстанға оралып, тұңғыш отандық фантастикалық «Книга легенд: Таинственный лес» фильмінің желілік продюсері ретінде жұмысын бастады. Бір жыл өткеннен кейін өзінің алғашқы қысқаметражды «Онлайн» (Альманах: «Сердце мое Астана») фильмін, аз уақыт өткеннен кейін «Оберон құпиясы» толықметражды көркем фильмін түсіреді. Сонымен қатар А.Баталов «К последнему морю», «На Олимпе мировой дипломатии», «Алла - Восточная жемчужина Диор», «Сохраняя спокойствие» және т.б.  бірқатар деректі фильмдердің продюсері болды. Айта кетсек, жас продюсердің «Рябина на руинах» деректі фильмі «RT» телеарнасы өз эфирінде көрсету үшін арнайы сатып алған болатын.

    Бұған дейін ол 2020 жылдың 1 маусымынан бастап 2021 жылдың 15 ақпанына дейін «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталғы» КЕАҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020