• 09.05.2021
    99

    «Қазақфильм» киностудиясының басшылығы ардагер киногерлерді Ұлы жеңіс күнімен құттықтады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    9 мамыр күні Екінші дүниежүзілік соғыс және  тыл ардагерлерін Ұлы жеңіс күнімен құттықтау - «Қазақфильм» киностудиясында бұрыннан қалыптасқан дәстүр.
    Бүгін «Қазақфильм» киностудиясының басшылығы еліміздің барлық киногерлері атынан кино саласында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген соғыс ардагерлерін – Зейнеп Әбішқызы Дуйсенованы және Любовь Николаевна Горковскаяны,  сонымен қатар тыл ардагері – Қадыр Нұрахметұлы Қосаевты  құттықтап шықты.
    Ардагерлерге гүл шоқтары мен сыйлықтарды табыстаған киностудияның президенті Ақан Сатаев Жеңіс күнін жақындату үшін өмір мен өлім белдескен қанды шайқастарға қатысып, елі мен жерін қорғаған батыр қарияларға алғысын айтты.  
    Зейнеп Дүйсенова – соғыс жылдары құрылған Біріккен орталық киностудияда жұмыс істеген нағыз аңыз адам. Соғыс басталған жылы Зейнеп Әбішқызы не бары 18 жаста еді. Сол жылы Алматыдағы көркем фильмдер студиясының монтаждау цехына жұмысқа орналасып, осы жерде 50 жылға жуық жұмыс істеді. Көпті көрген кейуана биыл 99-ншы көктемін қарсы алды. Бес баланы дүниеге алып келген апамыз бүгінде 7 немере, 7 шөбере сүйіп отыр.
    Любовь Горковская соғыс басталғанда өрімдей 16 жасар қыз еді. Бірінші Украиндық фронтта жаяу-атқыштар дивизиясында байланысшы болған. Кейін кинематограф саласында 30 жыл жұмыс істеген ардагер, киностудияда қызмет еткен жылдарын аса жылылықпен еске алады.  «Киностудияны бір аралап қайтсам ғой, шіркін», - деген кейуана «Қазақфильмнің» басшылығына алғысын білдіріп, киностудия қызметкерлеріне зор денсаулық пен табыс тіледі.  
    Тыл ардагері, белгілі дыбыс операторы және дыбыс режиссері Қадыр Нұрахметұлын еліміздің барлық киногерлері ерекше жақсы көреді. Айналасына күн сәулесіндей шуақ шашып, өзінің ашық және шынайы күлкісімен Қадыр аға кез келген адамды бірден баурап алады.  Ардагер «Қыз-Жібек», «Менің атым Қожа», «Қан мен тер», «Құлагер», «Гонцы спешат», «Аңызға айналған Шоқан» және басқа да фильмдерде, сондай-ақ, көптеген мультипликациялық және деректі, хроникалық картиналардың дыбысын жазып, дыбысрежиссер ретінде істеген.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020