• 05.05.2021
    85

    Antikor және «Қазақфильм» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш біріктірді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Ұйымдарда парасаттылықпен қамтамасыз етудің басты құралы - нәтижелі жұмыспен ерекшеленетін тәуелсіз комплаенс кызметі. Бүгінгі кездесуде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев және Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат осы мәселелер төңірегінде ой қозғады.

    Елімізде мәдениет саласында алғаш рет комплаенс қызметі енгізілді. Осылайша, «Қазақфильмде» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтердің функцияларын орындайтын бөлім ашылды, оның басты міндеті - ұйым мен қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңын сақтауын қамтамасыз ету.

    Кездесу барысында «Қазақфильмнің» президенті Ақан Сатаев комплаенс-офицерді таныстырды. Киностудияның жаңа қызметкерінің басты міндеті - ұйымдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алужәне оған жол бермеу.  

    «Менің ойымша, компанияларда комплаенс қызметтердің болу заң ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресте үлкен жетістік болып табылады. Бұл механизм жағымсыз ықтимал салдарды алдын-ала болжау шараларын қабылдау кезінде өте маңызды. Комплаенс қызметі - бұл «өзгерістер агенттері» деп санаймын, - деді Ақан Сатаев.

    Сонымен қатар, кездесу аясында екі жақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, парасаттылық пен адалдық қағидаттарын қалыптастыру жөнінде, сондай-ақ  жақын арада тәртіп бұзуды алдын алуға көмектесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді.

    «Еліміздің заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты жемқорлықтың алдын алу тетіктеріне сүйенеді. Біз өз кезегімізде өкілетті орган ретінде комплаенс қызметінің тиімді жұмыс істеуі үшін «Қазақфильмге» консультациялық-әдістемелік профилактикалық көмек көрсетуге толықтай дайынбыз », - деді Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат.






Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020