• 05.05.2021
    75

    «Қазақфильмнің» кинотуындылары бұрынғыдан да қолжетімдірек болды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    «Қазақфильмнің» коллекциясындағы үздік 50 кинотуынды тұңғыш қазақстандық QAZAQSHA онлайн-кинотеатрына көрсетілімге шықты. Олардың арасында әр жылдары киностудия түсірген, қазақ киносының «Алтын қорына» енген, көрермендердің сүйікті фильмдері: «Біздің сүйікті дәрігер» (реж. Ш.Айманов), «Менің атым Қожа» (реж.А.Қарсақбаев), «Тақиялы періште» (реж. Ш.Айманов), «Қыз Жібек» (реж. С.Қожықов), сондай-ақ Тәуелсіздік жылдары түсірілген: «Құрақ көрпе» (реж. Р.Әбдірашев), «Әкем екеуіміз» (реж. Д.Саламат), «Мұстафа Шоқай» (реж. С.Нарымбетов), «Біржан сал» (реж. Д.Жолжақсынов), «Қызғылт қоян туралы хикая» (реж. Ф.Шарипов), «Жерұйық» (реж. С.Тәуекел), «Оралман» (реж. С.Құрманбеков), «Талан» (реж. Б.Қалымбетов), «Он алты қыз» (реж. Қ.Мустафин) т.б. туындылар бар.

     

    «Кәзіргі таңда онлайн кинотеатрлар – дистрибуция үшін таптырмас даңғыл жол, сондықтан «Қазақфильм» көрермендерге өз контентін жаңа ыңғайлы алаңда ұсынуға қуанышты», - деп, пікірін білдірді киностудия вице-президенті Айдар Баталов.

     

    Қазақ тіліндегі кинотуындыларды QAZAQSHA online-кинотеатрында BeeTV, AlmaTVBOX, Tele2TV, AltelTV мобильдік қосымшалары арқылы көруге болады.

     

    Барлық қосымшаларды App Store және Google Play-ден жүктеуге болады.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020