• 26.04.2021
    119

    «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Томирис» фильмі ең үлкен стримиң платформаға шықты

    Ақан Сатаев түсірген «Томирис» тарихи фильмі канадалық және американдық көрермендерге арналған Amazon Prime халықаралық бейне платформадағы медиатеканың қорын көбейтті.

     

    - «Томирис» фильмі өзінің дүние жүзі көрермендеріне қызық екенін тағы да дәлелдеді. Отандық картинаның Солтүстік Америкадағы танымал платформада көрсетілімге шыққанына өте қуаныштымыз. Бізге әлемнің түкпір-түкпірінен көрермендер ризашылығын айтып, лебізін білдіруде, олар дәл осы картина Қазақстанды Оскарда лайықты түрде таныстыра алар деп есептейді. Қазақстандық «Оскар» комитетінің шешімдері көптеген жылдар бойы әуесқойларды ғана емес, кәсіпқойларды да таң қалдыруда. Болашақта бұл факт жақсы фильмнің үлкен жеңістерге жету жолында кедергі болғанын қаламаймын, - деді «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның өндірістік мәселелер жөніндегі вице-президенті Айдар Баталов.

     

    Amazon Prime - 200-ден астам елде қол жетімді ең үлкен стримиң платформалардың бірі. Жақында американдық Amazon корпорациясының негізін қалаушы Жефф Безос өткен жылы Amazon Prime жазылушыларының саны 33% өсіп, 200 миллионға жеткенін мәлімдеді.

     

    Arclight Films компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында Америка, Ұлыбритания, Түркия, Италия, Испания, Жапония, Таяу Шығыс, Оңтүстік Корея, ТМД, Сингапур, Румыния және Францияның дистрибьюторлары Ұлы дала патшайымы туралы фильмнің көрсету құқығын сатып алды.

     

    Көрсетілім құқығын алған елдер үшін бейімделген «Томирис» фильмінің трейлерлерін төмендегі сілтемелер арқылы YouTube-тен көруге болады.

     

    Неміс тілінде:

    https://www.youtube.com/watch?v=6cNZZmafQM0

     

    Француз тілінде:

    https://www.youtube.com/watch?v=2fQBWRhUTQU

     

    Түрік тілінде:

    https://www.youtube.com/watch?v=dLtUGx-E0vA

     

    Италиян тілінде:

    https://www.youtube.com/watch?v=7KGioSwoZE8


    Қазақ тілінде:

    https://www.youtube.com/watch?v=SI6MTyXbnj4&list=PLep7U8bAf-bS8l7RCNYgm20LipBW8Uedq&index=24

     

    Орыс тілінде:

    https://www.youtube.com/watch?v=aVrnhjzh5TQ&list=PLep7U8bAf-bS8l7RCNYgm20LipBW8Uedq&index=25

     

    Жергілікті субтитр нұсқалары Қытай, Жапония және Солтүстік Американың көрермендері үшін қол жетімді.

     

    Еске салсақ, кинотуынды да біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдағы Ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында Sataifilm компаниясының қатысуымен түсірілген.

     

    Былтыр «Томирис» фильмі Парижде өткен франциялық L'Étrange Festival кинофестивальінің Гран-приін жеңіп алды. Осыған орай Франциядағы ең ірі ақылы телеарналардың бірі Canal+ фильмді көрсету құқығын сатып алып, прайм-тайм уақытында көрсетті. Сонымен қатар, Жайдарбек Күнғожинов бастаған қазақстандық Nomad Stunts каскадерлер тобы фильмде трюктерді қойғаны үшін Дүниежүзілік Каскадерлер Академиясының (АҚШ) беделді Taurus сыйлығын алды. 

     

     



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020