• 29.03.2021
    91

    ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Бүгін полиция полковнигі Айдар Сайтбеков бастаған «ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы» РММ делегациясы «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында қонақта болды. Қонақтарды киностудия президенті Ақан Сатаев пен вице-президент Айдар Баталов қарсы алды.

    Кездесу аясында ғылым-білім беру бағытын жүзеге асыру, сонымен қатар ішкі істер қызметкерлері жұмысының ерекшелігін көрсететін киножобалар жасау және мәдениет саласында кәсіби ынтымақтастықты дамыту бойынша меморандумға қол қойылды.

    Айта кетсек, келген қонақтарға шағын экскурсия ұйымдастырылды. Делегация Dolby дыбыс жазу студиясына және монтаждау бөлімдеріне барды. Қонақтар режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмін дыбыстау жұмысын таңданыспен тамашалап, ерекше әсерде қалды.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020