• 26.03.2021
    112

    «Қазақфильмде» Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Бүгін «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Өзінің алғы сөзінде Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов жиналғандарды Наурыз мейрамымен құттықтап, оларға зор денсаулық пен еңбектеріне табыс тіледі. Сондай-ақ ол биыл Қазақстан халқы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтетінін айтып, осыған байланысты киностудия басшылығына қастерлі мерекені атап өтуге арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастыруға жеке тапсырмалар берді.

    Отырысқа «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері: А.М.Байтасов, А.Қ.Сатаев, К.Қ.Сейітова (zoom арқылы), корпоративтік хатшы Р.М.Демеубаева және киностудияның вице-президенті А.Б.Әділбаев қатысты.

    Кездесу барысында «Қазақфильм» киностудиясының жаңа ұйымдастырушылық құрылымы Директорлар кеңесінің қарауына ұсынылды және Директорлар кеңесі жанындағы Комитеттердің құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселе талқыланды. Кездесу соңында қатысушылар Қоғамның корпоративтік хатшысы дайындаған Директорлар кеңесінің 2020 жылғы қызметі туралы есебін тыңдады.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020