• 23.02.2021
    128

    Елбасы «Қазақфильмнің» президенті Ақан Сатаевты қабылдады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының дамуына ерекше мән беріп келе жатқанын атап өтті.
    – Сіздің киноиндустриядағы тәжірибеңіз мол, елге еңбегіңізбен танылдыңыз. Түрлі кинофестивальдерге қатысып жүрсіз. «Анаға апарар жол», «Томирис» және басқа да туындыларыңызды көрермен жылы қабылдады. Қазір Сізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Алдағы жұмыстарыңызға табыс тілеймін, – деді Елбасы.
    Әңгіме барысында «Қазақфильм» киностудиясының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа көркем фильмдер түсіру жоспарлары мен отандық киноның сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020