• 27.11.2020
    213

    «Қазақфильмде» Директорлар кеңесінің отырысы өтті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Кеше, 26.11.20 киностудия аумағында Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кездесуге кеңес мүшелері: Е.М.Қосубаев, Б.К.Шүкенов, А.М.Байтасов және А.Қ.Сатаев қатысты. Бұл басқосуға zoom арқылы Нұр-Сұлтан қаласынан олардың әріптестері – А.С.Тойбаев пен К.Қ.Сейітова қосылды. Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға «Қазақфильм» киностудиясы әкімшілігінің қызметкерлері де қатысты.

    Жиналғандар киностудияның Даму жоспарына енгізілген түзетулерді, сондай-ақ «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Жаңғырту» инвестициялық жобасын іске асыруға байланысты Қоғамның қаржылық-экономикалық жағдайын жақсартып, оның оптимизациясы бойынша жоспарларын және басқа да мәселелерді талқылады.

    Жылы әрі достық атмосферада өткен отырысқа қатысушылар Есетжан Қосубаевты «ҰКҚМО» КЕАҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалуымен, ал Арманжан Байтасовты «Қазақфильм» АҚ-ның тәуелсіз директоры қызметіне кірісуімен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Шамамен 3 сағатқа созылған кездесудің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін жиналғандар отандық кинодағы жағдайлар туралы әңгімелесіп, «Қазақфильм» мен Ұлттық киноны қолдау орталығы арасындағы болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020