"Қазпошта" және "Қазақфильм" жаңа пошта маркасын айналымға шығарды
Барлық фотосуреттерді көру
Жаңалықтар фотогалереясы
Бүгін, 6 қарашада Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қыз Жібек» көркем фильміне 50 жыл толуына орай «Қазақ киносының алтын қоры» топтамасы шеңберінде пошта маркасын айналымға шығарды. Пошта маркасының номиналы 300 теңге. Марка таралымы 10 000 дана.
Қазақ киносының төлқұжатына айналған Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмінің сценарийін Ғабит Мүсірепов, музыкасын Нұрғиса Тілендиев жазды. Ал басты рөлдерді асқан шеберлікпен Асанәлі Әшімов, Құман Тастамбеков және Меруерт Өтекешова сомдады.
Естеріңізге сала кетсек, фильмнің орыс және қазақ тілдеріндегі екі бөлімін «Қазақфильмнің» YouTube желісіндегі ресми арнасынынан тамашалай аласыздар.