• 27.10.2020
    69

    «Барымташылар. Уақыт жолдары» көркем фильмі Францияда прокатқа шығады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов (Қазақстан) пен Лиза Такэбаның (Жапония) «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі Францияда прокатқа шығуға дайындалып жатыр. Фильмнің продюсері Юлия Кимнің айтуынша, француз көрермендері кинотуындыны үлкен экрандарда 2020 жылдың  16 желтоқсанынан бастап көре алады.

    - Пандемиямен байланысты үлкен қиындықтарға қарамастан, кинокартина Бусан, Токио, Гетеборг, Шанхай және Хельсинки кинофестивальдеріне қатысып үлгерді және жақын арада Cottobus неміс кинофестивалі мен Торонтодағы Азия киносының ХКФ конкурсында көрсетілетін болады, - деді продюсер.

    Фильмде, тыныш өмірінің шырқын бұзып, барымташылар отағасын аяусыз өлтірген отбасы туралы баяндалады. Марқұмның 12-жасар баласы Олжас, барымташылардың қолынан мерт болған әкесінің өліміне қайғырып, зұлымдықпен күресіп, отбасыларына түскен ауыртпалықты қарындастарымен бірге кешеді. Қорғансыз қалған Олжастың отбасына ғайыптан пайда болған бөгде біреу қол ұшын созады.

    Фильмде басты рөлдерді Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова (Қазақстан), танымал қазақстандық актер Дулыға Ақмолда және жапондық актер Мирай Морияма сомдайды. Әкесін жоғалтқан баланың рөлін Мәди Минайдаров есімді жас актер ойнайды.

    Фильмнің өндірісіне «Қазақфильм» және жапондық Tokyo New Cinema компаниясы ат салысты.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020