• 24.10.2020
    75

    Ақан Сатаев Алматы қаласы ТЖД-ің қызметкерлеріне алғыс хат табыстады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Кеше, 2020 жылы 23 қазанда «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев 14 тамызда киностудияда болған өртті сөндіру кезінде көрсеткен ерлігі, кәсібилігі мен үйлесімді жұмысы үшін шынайы ризашылығын білдіріп, ТЖД қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс ету үшін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне барып қайтты. Салтанатты шара санитарлық тәртіп пен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өтті.

    Айта кету керек, өртті сөндіруге Департаменттің 50-ден астам қызметкері жұмылдырылды. Алайда карантин шараларының күшеюіне байланысты «Қазақфильм» киностудиясы басшысымен кездесуге департаменттің тек бірнеше қызметкерлері қатысты, олар: подполковник Марат Сағындықов, капитандар Омар Оспанов пен Бауыржан Отарбаев, подполковник Бексанат Сикибаев, лейтенант Асқар Ауғанбай, сержанттар Әлім Саитов, Евгений Мальцев және басқалар бар. Қызметкерлердің бір бөлігі іс-шараға онлайн-форматында қатысты.

     «Қазақстанның барлық кинематографистері мен «Қазақфильм» киностудиясының қызметкерлері атынан ерекше алғыс білдіру үшін бүгін сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бұл төтенше жағдай бүкіл кино қоғамын дүр сілкіндіріп, киностудияға үлкен зиян келтірді. Алайда егер сіздердің кәсібилігіңіз болмаса, бәрі әлдеқайда нашар аяқталуы мүмкін еді. Студия тарихының бұл қайғылы парағы артта қалды және мұндай жағдайлар енді қайталанбайды деп үміттенеміз», - деді Ақан Сатаев.

    Өз кезегінде, Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Ерлан Әлібеков «Қазақфильмнің» басшысы мен ұжымына көңіл бөлгендері үшін ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыс, зор денсаулық және Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін одан әрі жемісті қызмет етуді тіледі.

    Кездесу соңында киностудия президенті іс-шараның барлық қатысушыларына мықты денсаулық, сарқылмас қуат және кәсіби қызметіне табыс тіледі.

     

    Барлық өзекті жаңалықтар біздің Instsgram-дағы парақшамызда:

    https://instagram.com/kazakhfilm_official.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020