• 15.08.2020
    458

    "Қазақфильм" киностудиясында орын алған төтенше жағдайға байланысты ҚР мәдениет және спорт министрінің қатысуымен кездесу өтті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Бүгін, 15 тамызда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының аумағында болған өртке байланысты Алматыға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрлері Нұрғиса Дәуешов пен Сәкен Мұсайбеков барды.

     

    Министрлік өкілдерімен кездесуге Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласы ІІД бастығының орынбасары Айдын Қабдулдинов, Алматы қаласы ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Олжас Шәріпов, Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары полковник Ерлан Әлібеков және Алматы қаласы әкімдігі мен киностудия қызметкерлері қатысты.

     

    Кездесу барысында өрт шыққан орындарда тексеру жүргізіліп, жауапты мекемелер өкілдері өрттің пайда болуының себебі мен хронологиясы туралы баяндама жасады. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өртті сөндіруге қатысқан азаматтарға алғысын білдірді.

    Айта кетейік, қалалық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабар 14 тамызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 21:33-те келіп түскен. Өрт сөндіруге қажетті техника оқиға орнына 7 минутта жеткен. Өрт сөндірушілер келген сәтте «Қазақфильм» аумағында декорацияға арналған, темір қалқаның астына салынған құрылыс материалдар лаулаған оттың ортасында болған. Өрт шыққан жердің ауданы 400 ш. м. құрайды.

     

    Алғашқы ошақты сөндіру кезінде киностудия аумағында ауданы 200 шаршы метрді құрайтын ағаш ғимарат («Шайбан Шах сарайы» декорациясы) жақтан екінші өрт ошағы байқалған. Екі ошақтың арасы 300 метр.

     

    Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, бірінші өрт ошағы 23:10-да, екіншісі - 23:26-да сөндірілген. Өрт сөндірушілер «Қазақфильмнің» әкімшілік ғимараттарына оттың өтуіне жол бермеген. Зардап шеккендер жоқ.

     

    Өртті сөндіруге, ТЖД – 53 қызметкер мен 16 бірлік техника, Полиция департаментінің – 30 қызметкері мен 10 бірлік техника, ЖМК қызметі - 6 қызметкері мен 2 бірлік техника, Алматы қаласы әкімі аппаратының құтқару қызметі - 4 қызметкер мен 4 бірлік техника, "Алматы Су" МКК – 6 қызметкер, 3 бірлік техника жұмылдырылған.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020