• 10.08.2020
    190

    Алматылықтар Абай туралы фильмдерді көре алады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Бүгін, тамыздың 10 – Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Тиектон» ашық аспан астындағы көлік кинотеатрында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әр жылдарда түсірілген фильмдердің көрсетілім кеші болады.

    Көлік кинотеатры үлкен экрандағы фильмдерді қауіпсіз офлайн-көрсетілімді қамтамасыз етеді.

    Кинотеатр «Атакент» көрме орталығында орналасқан (Тимирязев көш. 42, кіре беріс Өтепов көшесі жағынан), сыйымдылығы 200 көлікке есептелген.

    Фильмнің дыбысы әр көлікке радио толқын арқылы жүзеге асады.

    Сусындар мен попкорнға онлайн тапсырыс беруге болады.

    Афиша:
    20:30 - «Песни Абая» (реж.Г.Рошаль, Е.Арон), 1945 ж.
    23:00 – «Абай» (реж. А. Әмірқұлов), 1995 ж.

    Билеттерді www.ticketon.kz сайтынан онлайн тапсырыс беруге болады.

    Көрсетілімдер ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен ұйымдастырылған.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020