29.07.2020
1691
«Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев киностудияны модернизациялау концепциясы туралы өз пікірімен ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен бөлісті
Барлық фотосуреттерді көру
Кеше ҚР Мәдениет және спорт министрлігі кезекті zoom-кеңесін өткізді. Министр Ақтоты Райымқұлова бастаған кеңеске Министрліктің, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының және де «Қазақфильм» киностудиясының өкілдері мен отандық кинематографистер қатысты.
Кеңес барысында «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев киностудияны модернизациялау концепциясы туралы өз пікірін білдіріп, жобаны іске асыруға жасақталған жұмыс тобын таныстырды.
Топтың құрамына өз саласының үздік мамандары кірді, олардың ішінде: оператор Азамат Дулатов, дыбыс режиссері Денис Коноплев, кастинг директоры Жайна Әбдиева, бейне монтаж маманы Ғалымжан Санбаев, IT-маманы Александр Петрушин және компьютерлік графика мен анимация маманы Адай Әбелдинов бар.