• 20.07.2020
    529

    Well Go USA компаниясы «Томирис» фильмінің ресми американдық трейлерін жариялады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    «Томирис» фильмінің АҚШ аумағында дистрибуция құқығын сатып алған Well Go USA компаниясы тарихи туындының американдық трейлерін өзінің YouTube-арнасына жүктеді.  

    Кино жаңалықтары туралы ақпарат тарататын танымал www.firstshowing.net сайтында жарияланған рецензияда мақала авторы экшн көріністерге, оқиға желісінің түпнұсқалығы мен басты кейіпкердің шынайылығы мен сомдаған рөліне таңданысын айтып, ағылшын тілді көрермендерге фильмді көруге кеңес береді.

    Трейлердің американдық нұсқасына сілтеме: https://youtu.be/G1YFwzswPzI 

    Еске салсақ, кинотуынды  біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады.
     
    Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында Sataifilm компаниясының қатысуымен түсірілген.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020