• 16.07.2020
    805

    Отандық киноиндустрияны қолдау мақсатында күштердің бірігуі

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Сіздерге бүгінгі қазақстандық кино саласында болып жатқан маңызды өзгерістер туралы хабарды жеткізуге асықпыз.

    Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының басшылығы отандық киноиндустрияны қолдау мен дамыту мақсатында қазақ киносының ауыр жүгін жұмыла көтеріп, бірлесіп жұмыс істейтіндері туралы хабарлайды. Бұл қадам қазақстандық киноқауымдастық арасында қалыптасқан қиын жағдайды шешуге көмектеседі. Соңғы кездері БАҚ беттерінде отандық киноның дамуына қай құрылымдар және кімнің жауапты болуы керектігі туралы даулы әрі жаңсақ пікірлер айтылып жүр.

    Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі отандық киноиндустриядағы екі ірі құрылымның – Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бірлескен жұмысының болашақ стратегиясын айқындады. Бұл – кино саласы үшін маңызды барлық шешімдер бірге қабылданатындығын, өзекті мәселелер бірлесіп шешілетінін, өзара көмек негізінде және құрылымдардың әрқайсысының мүдделерін ескере отырып жұмыс жүргізілетінін білдіреді. Қазір бүкіл кинобизнеске шоғырланып, бірлесіп жұмыс істейтін кез келді. Біз не істеу керек екенімізді және әрі қарай қалай өмір сүру керектігін түсінуіміз керек.

    «ҰКҚМО» ҰАҚ Басқарма төрайымы Гүлнәр Сәрсенованың айтуынша, «жұмысты шоғырландыру туралы шешім дер кезінде қабылданды, өйткені коронавирус пандемиясы кезінде бүкіл отандық киноиндустрия ауыр дағдарысты бастан кешуде. Кино өндіруші компаниялар түсіру жұмыстарын тоқтатты, кинотеатрлар жабылып, кино нарығының барлық өкілдері осы өліара кезеңнің аяқталуын күтуде».

    «Күш-жігеріміздің бірігуі бізге алға жылдам жылжуға және индустриямызды дамытуға көмектеседі», - деді «Ш.Айманов атындағы «Казақфильм» киностудиясының жаңа басшысы Ақан Сатаев.

    Айта кету керек, ТЖ және карантин жағдайында Ұлттық киноны қолдау орталығы мен «Қазақфильм» киностудиясы қазақстандық киноны насихаттауға және көрерменнің қамын ойлауға бағытталған тиімді жұмыс форматын құрды. Фильм жобаларының авторларымен бірқатар бейне сұхбаттар жүргізілді, «Үй киносеансы» киномарафоны өтті, біздің кинорежиссерлер халықаралық онлайн жобалардан да сырт қалмады. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, «мәдениет және өнер қайраткерлері өз шығармашылығын жаңа қырынан жандандырып, әйгілі онлайн форматқа бойын үйрету үшін карантинді мүмкіндік ретінде пайдалана алды».

    Қазіргі уақытта Киноорталық пен «Қазақфильм» басшылары арасында Киноорталық арқылы өндіріске жіберілетін фильмдердің түсіру топтары нарық бағалары бойынша қызметтерді сатып ала отырып, «Қазақфильм» киностудиясының техникалық мүмкіндіктерін барынша пайдаланатындары туралы ортақ шешім қабылдады. Сондай-ақ, жақын арада Алматыдағы Ұлттық киноны қолдау орталғының кеңсесі мен кейбір түсірілім топтары «Қазақфильм» киностудиясының аумағына көшуді жоспарлап отыр.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020