• 11.07.2020
    43

    Бүгін актриса Раиса Мұхамедиярова 81 жасқа толар еді.

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Бүгін, 11 шілдеде театр және кино актрисасы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі Раиса Мұхамедярова 81 жасқа толар еді.

    Киноәлеміне 21 жасынан бастап қадам басқан актриса қалың жұртқа ерекше жылдамдықпен танылады. Сол кездегі Алматыдағы шет тілдер институтының студентін күтпеген жерден «Ән шақырады» фильмінің басты рөліне шақырады. Ал оның алғашқы тәлімгері Шәкен Аймановтың өзі болған.

    Бүгінгі таңда қазақ киносын Раиса Мұхамедярованың жасаған образдарсыз елестету мүмкін емес. Оның шығармашылық қоржынында театр сахнасы мен кинода жасаған ондаған рөлдер және ерекше дауысымен дубляж жасаған жүздеген фильмдер бар.

    Дарынды актрисаның туған күніне орай Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы өзінің youtube-арнасындағы фильмотекасын режиссер Сергей Әзімовтың «Кемеңгердің кеш келген махаббаты» деректі фильмімен толықтырды. Фильм Раиса Мәжітқызының естеліктері мен әйгілі қазақтың жазушысы Ғабит Мүсіреповтың өз музасына жазған хаттарына негізделген. Фильмді сілтеме арқылы көруге болады.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020