• 29.06.2020
    39

    «Қазақфильм» кинотуындылары Тайланд Корольдігінде өтетін Бірінші қазақстандық онлайн кино фестивалі аясында көрсетіледі.

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Қазақстан Республикасының  Тайланд Корольдігіндегі елшілігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Тайланд Корольдігінде бірінші қазақстандық онлайн-фильмдер фестивалін өткізеді.

    2020 жылдың 27 маусымы мен 6 шілдесі аралығында тайландтық көрермендер үшін «Шырақшы» / «Хранитель» (реж. Ермек Тұрсынов), «Жаужүрек Мың бала», «Анаға апарар жол» және «Елбасы жолы. Астана» (реж. Ақан Сатаев), «Құнанбай» (реж. Досхан Жолжақсынов), «Секер» (реж. Сәбит Құрманбеков), «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» және «Қазақ хандығы. Алтын тақ» (реж. Рүстем Әбдраш) фильмдері ашық көрсетілімде болады.

    Барлық фильмдер ағылшынша субтитрімен түпнұсқа тілде ұсынылған.

    Аталған іс-шара қоғамдық сананы жаңғырту «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» жолдау-мақаласының аясында, Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай, Ұлы жеңістің 75-жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың 80 жылдығы және Қазақстанның Астана күніне орай ұйымдастырылды.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020