• 27.06.2020
    42

    «Томирис» дүниежүзін жаулауда

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    «Томририс» тарихи драмасы дүниежүзі көрермендерінің жүрегін жаулауда. Ақан Сатаевтың ұлы дала ханшайымы туралы кинотуындысының халықаралық құқықтық дистрибьюторы Arclight Films компаниясы Каннда өткен Marché Du Film кинонарығында жасалған келісім шарттар туралы ақпарат берді. Келісімдердің нәтижесінде отандық фильмді көрсету құқығын Италия үшін Blue Swan, Франция үшін SND Films, Испаниядан Art Mood, Жапониядан AT Entertainment, Таяу Шығыстан Gulf Film, Оңтүстік Кореядан Challan, ТМД елдері үшін Paradise/MGN, Сингапурдан Shaw, Румынядан Program 4 Media және Түркия үшін Siyah Bayez Movies компаниялары көрсету құқығын сатып алған. Осы айда Arclight компаниясы «Томиристі» АҚШ-та көрсету құқығы Well Go USA компаниясы сатып алғаны туралы хабарлаған болатын.

     

    Еске салсақ, кинотуынды  біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады.

     

    Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында Sataifilm компаниясының қатысуымен түсірілген.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020