25.06.2020
644
Бүгін актер Владимир Толконников 77 жасқа толар еді
Барлық фотосуреттерді көру
Бүгін, 25 маусымда театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1995), Ресей Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1990), «Тарлан-2006» тәуелсіз сыйлығының иегері («Театр» номинациясы бойынша «Платиналы Тарлан») Владимир Алексеевич Толоконников 77 жасқа толар еді.
Ол 1972 жылы Ярославль театр училищесінің актерлік факультетін бітіріп, Алматыдағы Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында еңбек жолын бастаған.
Владимир Алексеевичтің танымал болуына В. Бортконың «Ит жүрегі» (1988) фильмінде сомдаған Полиграф Полиграфович Шариковтың рөлі үлкен септігін тигізеді.
Актердің фильмографиясында ТМД-ның түрлі киностудиялары түсірген «Облако-рай», «Перекрёсток», «Борщ из французских лягушек», «Участок», «Дед» сияқты фильмдерінде ойнаған 50-ден астам рөл бар.
Әйгілі актер көрермендердің сүйікті «На кухне с Толоконниковым» және «Толобайки» телешоуларының жүргізушіс болған.
Владимир Алексеевич - көптеген кино және театр сыйлықтарының, сондай- ақ «Алтын Адам» - «Жыл адамы» (2005) құрметті атағының иегері, «Құрмет» орденінің (2008) және ресейлік Достық орденінің (2009) иегері.