• 22.06.2020
    33

    «Қазақфильм» киностудиясы Канның беделді Мarché du Film кинофильмдер нарығына қатысады.

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    «Қазақфильм» киностудиясы биыл маусымның 22-26 аралығында онлайн түрде өтетін Канның беделді Мarché du Film кинофильмдер нарығына қатысады.

    Әдетте Marché du Film Канн кинофестивалімен бірге өтеді, бірақ биыл кинонарық жеке іс-шара болып ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар сатып алушылар үшін 1200-ге жуық кинокөрсетілімдер мен 2300-ге жуық толық метражды картиналардың тұсаукесерін жоспарлап отыр. Биыл шараға 8500-ге жуық қатысушы күтілуде, олар үшін онлайн-концерттер, виртуалды дөңгелек үстелдер мен панельдік пікірталастар өткізіледі.

    Сондай-ақ, кино нарығы аясында Канн кинофестивалінің бағдарламасына енгізілген фильмдердің жабық премьералық көрсетілімі өтеді. Карантин киноиндустрияның көптеген маңызды іс-шараларын ұйымдастыру форматына қатты әсер етті, алайда отандық киноөнімді ілгерілету мақсатында жұмыс тоқтаған жоқ. «Қазақфильм» АҚ отандық фильмдерді дүниежүзіне кеңінен тарату үшін әлеуетті серіктестермен жаңа байланыстар орнатуда.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020