• 19.06.2020
    130

    «Сағдат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат» фильмі «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы» акциясының аясында «Жеңіске бірге жеттік» фестивалінің сайтына жарияланды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Севастополь Халықаралық «Жеңіске бірге жеттік» деректі фильмдер мен телебағдарламаларының фестивалі «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы» акциясының аясында ресми сайтта Фестивальдің әр жылдардағы жүлделерін жеңіп алған 75 үздік деректі фильмнің тізімін жариялады. Бұл тізімге ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген, режиссер Сатыбалды Текеевтің «Сағадат Нұрмағамбетов.Соңғы сұхбат» фильмі кірді.

     

    Естеріңізге салайық, 2016 жылы фильм «Жеңіске бірге жеттік» XII халықаралық деректі фильмдер мен телебағдарламалар кинофестивалінде ең үздік портреттік очерк сыйлығын алды.

     

    Фильм Кеңес Одағының Батыры Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке арналған.

     

    Тізімге енген деректі фильмдерді Фейсбук және ВКонтакте әлеуметтік желілерінде көруге болады.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020