• 15.06.2020
    47

    Бүгін Мұхтар Бақтыгереев 87 жасқа толар еді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Бүгін, 15 маусым күні театр және кино актері, ҚР халық артисі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО Киногерлер одағының мүшесі Мұхтар Бақтыгереев 87 жасқа толар еді.

    1953 жылы Алматы театр және көркемсурет училищесін бітіргеннен кейін 15 жасынан бастап афиша жабыстырушы, сахна қызметкері және артист болып жұмыс істеген туған жері Гурьевтегі өңіраралық драма театрына оралады. Бірақ бір жыл өткеннен кейін «Махаббат дастаны» фильміне түсу үшін Алматы киностудиясының шақыруымен қайтадан Алматыға келеді.

    Актер 60-тан астам рөлдерде ойнап, мыңдаған кейіпкерлердің дубляжын жасаған. Өзінің театрлық мансабында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының қойылымдарында 130-дан астам рөлді сомдады.

    Мұхтар Бақтыгереев «Қыз-жігіт», «Біздің сүйікті дәрігер», «Ана туралы аңыз» және тағы басқа көптеген фильмдерде сомдаған жарқын образдарымен көрермендердің есінде қалды.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020