• 20.05.2020
    105

    Қазақстандық каскадерлер Taurus World Stunt Awards жүлдесіне үміткерлер қатарында

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Танымал қазақстандық каскадер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнгужинов және оның Nomad Stunts командасы режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи фильмінде қойған трюктері үшін Taurus World Stunt Awards жүлдесіне ұсынылды.

     

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Sataifilm компаниясының қатысуымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Томирис» картинасы «Шетелдік фильмде қойылған үздік трюктер» номинациясындағы марапаттың қысқа тізіміне енді. Қазақстандық фильммен бірге Ресей, Украина, Италия және Мысыр елінің туындылары бақ сынайды.

     

    Taurus World Stunt Awards 2001 жылдан бері Лос-Анжелесте өткізілетін жыл сайынғы көркем фильмдердегі үздік көріністері үшін, әлемнің үздік трюк шеберлерін марапаттайтын рәсім.

     

    «Taurus World Stunt Awards назарға ілікпейті кино кейіпкерлеріне, әлемдегі ең үздік трюк жасайтын мамандарға беріледі. Олар көпшіліктің көңілінен шығатын ең батыл амалдарды орындай отырып, өз өмірлерін қатерге тігеді», – делінген жүлденің ресми сайтында.

     

    Сыйлық бірнеше санаттағы ең үздік трюктер үшін беріледі, олар: өрттегі ең үздік трюктер, биіктіктегі ең үздік трюктер, көліктермен жасалған үздік жұмыс, үздік жекпе-жектер көрінісі, ең үздік арнайы трюктер, соқтығысы бар ең үздік трюктер, әйелдер арасындағы ең үздік трюктер және т.б.

     

    Биыл, 2020 жылдың 9 мамырына белгіленген марапаттау рәсімі коронавирустық пандемияға байланысты белгісіз мерзімге шегерілді.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020