• 18.05.2020
    60

    Бүгін Олжас Сүлейменов 84 жасқа толды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Бүгін танымал ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, кинодраматург, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты - Сүлейменов Олжас Омарұлы 84 жасқа толды.

    Оның өмірінде кино ерекше орын алады. Әр жылдары ол «Қазақфильм» киностудиясының Бас редакторы болып жұмыс істеді, Қазақстан Кинематографистер одағын басқарды және Қазақ КСР Мемлекеттік кинематография комитетінің төрағасы болды. Қазақ киносының «жаңа толқынының» пайда болуының басында да Олжас Омарұлы тұрды. Шәкен Аймановтың «Атамекен», Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек», Абдолла Қарсақбаевтың «Қилы кезең» сынды ұлтымыздың үздік фильмдерінің жарыққа шығуына киностудияның Бас редакторы ретінде, сценарист ретінде де тікелей ат салысқан О. Сүлейменов болған.

    Құрметті Олжас Омарұлы! Қазақстанның барлық киногерлері атынан Сізді туған күніңізбен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, бойыңызға қуат, отбасыңызға амандық тілейміз! Ғұмырлы болыңыз!



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020