• 21.01.2020
    66

    Бүгін актер Фархат Әбдірайымовтың туған күні

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Бүгін танымал актер, продюсер, қалың көрерменнің сүйікті актері Фархат Әбдірайымовтың туған күні!

    Бала кезінде ол кәуап пісіруші болуды армандаған екен. Алайда оның тағдыры басқаша шешіледі. Бір күні кафеде отырған Фархатты кастинг-директор Тана Тайпина байқап қалып, оны режиссер Абай Қарпықовтың «Тот, кто нежнее» фильміне шақырады. Осы фильмдегі оның алғашқы рөлі актерді танымал етті. «Абай болмаса, актер болуым екіталай еді», - деп еске алады бүгінде актер.

    Құрметті Фархат Нұрсұлтанұлы! «Қазақфильм» киностудиясының ұжымы Сізді туған күніңізбен құттықтай отырып, Сізге зор денсаулық, үлкен бақыт және шығармашылық табыстар тілейді. Өнер әлемінде өрісіңіз кеңейіп, көрермендеріңізді жаңа рөлдермен қуанта беріңіз демекпіз!


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020