• 20.01.2020
    129

    «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі Омск қаласында көрсетіледі

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    2020 жылдың 21 қаңтар күні Омск қаласының «Вавилон» кино орталығында Ресейдегі Қазақстан киносы фестивалі аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі көрсетіледі. Кинотуындының көрсетіліміне Омск қаласындағы ҚР Бас консулы және басқа да құрметті қонақтар шақырылған.

      

    Айта кетсек, тарихи фильм қазақ тілінде (орыс тілінде титрлері бар)  көрсетіледі. Туындың режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист әрі суретші Рүстем Әбдірашев. 

     

    Бұл ауқымды тарихи фильм Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының негізінде  жазылған «Қазақ хандығы» кинодиологиясының бірінші бөлімі.

     

    Естеріңізге сала кетсек, бұл фильм 15 ғасырда Қазақ хандығының құрылуы және Жәнібек пен Керей сұлтандардың тарихи орындары туралы баяндайды. «Қазақ хандығы» жобасының идея авторы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.  

     



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020