• 13.01.2020
    67

    Бүгін М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрына 94 жыл толды.

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Бүгін М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрына 94 жыл толды. Бұл жетекші қазақстандық театр 1926 жылы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында ашылып, сол жылы Алматыға ауыстырылды. 1933 жылы осы театрда 19 жасар Шәкен Айманов еңбек жолын бастап, жас актерден бас режиссер мен көркемдік жетекшіге дейін 20 жыл қызмет атқарды.

    Бұл сахна Серке Қожамқұлов, Әміре Қашаубаев, Елубай Өмірзақов, Бикен Римова, Хадиша Бөкеева, Меруерт Өтекешева және т.б. ұлттық театр мен кино жұлдыздарының дарынын ашуға көмектесті.

    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм»  киностудиясының ұжымы М.Әуезов атындағы  драма театрының қызметкерлерін  шын жүректен құттықтайды. Барлық қойылымдар аншлагпен өтсін, шығармашылық топқа  мықты денсаулық пен сарқылмас шабыт тілейміз.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020