«Қазақфильм» киностудиясы балалар үйінің тәрбиеленушілерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Барлық фотосуреттерді көру
Жаңалықтар фотогалереясы
Бүгін, 30 желтоқсанда танымал актер Фархат Әбдірайымов бастаған «Қазақфильм» киностудиясының делегациясы Алматы облыстық №1 балалар үйінде өткен Жаңа жылдық мерекеге қатысты.
Фархат Әбдірайымов балаларды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға «Қазақфильм» киностудиясының үздік туындылары және анимациялық фильмдері кірген антологиясын, Ш.Айманов туралы кітаптар мен тәтті тағамдарды тарту етті. Балалар үйінің тәрбиленушілері Фархатпен суретке түсіп, өз қуаныштарын жасырмады.