• 25.12.2019
    484

    «На грани» фильмі Грецияда өткен кинофестивальде жүлдеге ие болды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Режиссер Алдияр Байракимовтың «На Грани» фильмі Грецияның Пиргос қаласында өткен Халықаралық «Олимпия» балалар және жасөспірімдерге арналған кинофестивальде киносыншылардың арнайы жүлдесімен марапатталды.

     

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген фильм бір-біріне мүлдем ұқсамайтын, алайда тағдырлары кездейсоқ тоғысқан жасөспірімдер туралы баяндайды. Отбасы жылуы мен жақындарының қолдауынан айырылған, тіпті әлеуметпен тіл табыса алмай жүрген олар бастарын қауіпке тігеді.

     

    Грецияның үкімет билігі және жастардың коммерциялық емес ұйымдары бірігіп ұйымдастырған бұл фестивальдің негізі 1997 жылы қаланған болатын. Байқау жергілікті Мәдениет министрлігі мен Жастар жөніндегі Бас хатшылығы қолдауымен өткізіледі.

     

    Фестивальдің негізгі мақсаты – жергілікті аудиторияны әлемде шығып жатқан балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа фильмдермен таныстыру, балаларға арналған аудио-визуалды бағдарламаларды дамытуға үлесі қосу, сондай-ақ осы тақырыпта түсірілетін фильмдердің өндірісін қолдау.

     

    - Біздің фильм көрермендердің ықылас ілтипатына бөленіп, киносыншылардың да жоғары бағасын алып жатыр. Фильмнің түсіру тобын осы жеңіспен құттықтаймын. Картинаның халықаралық деңгейде танылуына үлес қосып жүрген жандарға ерекше алғысымды білдіремін, - деді фильмнің режиссері Алдияр Байракимов.

     

    Естеріңізге сала кетсек, былтыр «На грани» фильмі Ресейдің Анапа қаласында өткен «Киношок» атты ТМД және Балтық елдері киносының ашық кинофестивалінің негізгі байқауына қатысқан, сондай-ақ Беларусияда өткен «Листопад» халықаралық кинофестивалінде үздік сценарий үшін қазылар алқасының арнайы жүлдесімен және ЮНИСЕФ Қорының жүлдесімен марапатталған. Сонымен қатар, былтыр бұл фильм «Үздік дебют» номинациясы бойынша Қазақстан кинематографистер одағының «Құлагер» жүлдесіне ие болды.  



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020