• 11.12.2019
    35

    «Еркін» («Эль Фриман») фильмі 2019 жылы 12 желтоқсанда қазақстандық прокатқа шығады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қатысуымен Libertus Films компаниясы түсірген «Еркін» («Эль Фриман») фильмі 2019 жылы желтоқсанның 12 күні қазақстандық прокатқа шығады.

     

    Елжас Рықымбеков (лақап аты Михар Сажле) және Антонио Чавес түсірген дебюттік фильм Лос-Анджелесте американдық биліктен жасырынып жүрген иммигранттың өмірі туралы баяндайды. Картинаның басты кейіпкері Эл есімді жігіт өз көлігінде түнеп жүріп, жүк тасушы болып жұмыс істейді. Сондай-ақ ол досы Артурмен бірге кілттердің көшірмесін жасап, компанияның бұрынғы клиенттерін тонап, күнін көреді. Бір күні олар бай, бірақ жалғызбасты Амбассадор есімді қариямен танысады...

     

    Айта кетсек, аталған кинотуынды былтыр екі бірдей американдық кинофестивальге қатысқан, олар: Hollywood Film Festival және IFS (Independent Filmmakers Showcase) Los Angeles Film Festival фестивальдері. Ал Мадридте өткен халықаралық кинофестивальде бұл фильм «Үздік режиссерлік дебют» жүлдесімен марапатталған.

     

    Келесі жылы наурыз айында «Еркін» фильмі АҚШ-та және Канадада DVD нұсқасында, сонымен қатар стриминг-платформасы (ағымдағы онлайн көрсетілім) және VOD (сұрату бойынша фильмді көру) сандық таралымы арқылы көрсетіледі. Осы елдерде фильмнің көрсетілімі американдық Dreamscape Media дистрибьюторлық компаниясы арқылы жүзеге асады.

     

    - «Еркін» фильмі өте жақсы түсірілген, актерлері де өте шебер ойнаған, сондықтан да біз оның дистрибуциясын қолға алдық. Бұл картина жаңа бастамаларды жүзеге асыруға жетелейтін және өз тағдырымыз өз қолымызда екенін тағы да бір дәлелдеген тырнақалды туынды. Басты кейіпкердің жалғыздығы мен қорғансыздығы, оның торығу сезімі тамаша суреттелген. Фильм американдықтардың көңілінен шығатынына сенімдіміз, - деді Dreamscape Media компаниясының өкілі.

     

    - Dreamscape Media компаниясы біздің фильмді АҚШ-та және Канадада көрсететініне өте қуаныштымын. Көрсетілімдер саны көп болатынына да кәміл сенемін, - деді фильмнің тең режиссері әрі сценарий авторы Елжас Рақымбеков.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020