• 07.12.2019
    38

    Омск қаласында Қазақстан киносы фестивалі аясында «Қазақфильмнің» туындылары көрсетіледі

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    2019 жылдың 16 желтоқсан күні Омск қаласының «Вавилон» кино орталығында Қазақстан киносы фестивалі аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ туындылары – Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» және режиссер Адай Әбілдиновтың «Күлтегін» толықметражды анимациялық фильмі көрсетіледі. Бұл көрсетілімдерге Омск қаласындағы ҚР Бас консулы және басқа да құрметті қонақтар шақырылған.

     

    Естеріңізге сала кетсек, «Елбасы жолы. Астана» фильміне Елордамыз – Астананың салыну тарихы арқау болған. Оқиға 1994 жылдың шілде айынан бастау алады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін Қазақстанның тәуелсіз дара жолы басталады. Экономикалық дағдарыс пен саяси тұрақсыздыққа тап болған сол бір қиын-қыстау кезеңдерде, Мемлекет басшысы астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынады. Бұл ұсыныс барша халық үшін күтпеген оқиға болды, мұндай шешімнің іске асатынына және оның жемісті болатынына ешкім сенбеді. Бірақ қауіп-қатер мен қарама-қайшылықтарға қарамастан, көпшіліктің күдіктеріне, күмәншілдердің сыны мен қаржылық қиындықтарға төтеп бере отырып, Президенттің басшылығымен еліміз межеленген мақсатты іске асырды. 1998 жылдың 10 маусымында жаңа астана – Астана қаласының халықаралық тұсаукесері өткізілді.

     

    Ал тарихи «Күлтегін» анимациялық фильмі көшпенді халықтардың басын біріктіріп, Ұлы көшпенділердің дәстүрін жалғастырған түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің балалық шағы туралы баяндайды.

    Айта кетсек, 2020 жылдың қаңтар айында өтетін Омск қаласындағы Қазақстан киносы фестивалі шеңберінде «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи фильмінің орыс тілінде титрлері бар нұсқасы көрсетіледі. Бұл туындың режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сценарист әрі суретші Рүстем Әбдірашев. 

     

    Бұл ауқымды тарихи фильм Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының негізінде  жазылған «Қазақ хандығы» кинодиологиясының бірінші бөлімі.

     

    Естеріңізге сала кетсек, бұл фильм 15 ғасырда Қазақ хандығының құрылуы және Жәнібек пен Керей сұлтандардың тарихи орындары туралы бпяндайды. Жобаның идея авторы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.  

     

    Фестиваль аясында көрсетілетін туындыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020