• 04.12.2019
    565

    «Қазақфильм» киностудиясы Дәрежан Өмірбаевтың фильміне кастинг жариялады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Ақын» атты (жұмыс атауы) толықметражды көркем фильмді түсіруді қолға алды. Бұл киножоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауымен жүзеге асады. Фильмнің режиссері – Дәрежан Өмірбаев.

     

    Герман Тесстің «Шығармашылық кеш» атты әңгімесінің желісі бойынша түсірілетін туынды Алматыда тұратын 40 жастағы қазақ ақынының өмірінен сыр шертеді.

     

    Бұл киножобаға картинаның кастинг департаменті келесі талаптар бойынша кастинг жариялады:

     

    - 35-55 жас аралығындағы ер адамдар;

    - 25-35 жас аралығындағы әйел адамдар;

    - 70-75 жас аралығындағы шалдар;

    - 65-70 жас аралығындағы әйелдер;

    - 9-14 жас аралығындағы ұл балалар мен қыздар.


    Кастинг әр дүйсенбі күні  «Қазақфильм» киностудиясындағы «ПЛК» ғимаратында (2 қабат, 236 каб.) «Қадам» студиясында өтеді.

     

    Бұл іс-шара желтоқсанның 25-не дейін жалғасады.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020