• 29.11.2019

    Монғолияда Қазақ киносының күндері аясында «Қазақфильмнің» фильмдері көрсетілуде

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Монғолияның астанасы Ұлан-Батырда үстіміздегі жылы қарашаның 28-і мен 30-ы аралығында Қазақ киносының күндері аясында Ермек Тұрсыновтың «Шал» және «Шырақшы», сондай-ақ Рүстем Әбдірашевтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ» және Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмдері көрсетіліп жатыр. Бұл туындыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.

     

    Аталған іс-шараны ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ҚР Монғолиядағы елшілігі және  Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырған.

     

    Айта кетсек, Қазақ киносының күндері қарашаның 28-і күні Рүстем Әбдірашевтың «Балалық шағымның аспаны» фильмімен ашылды. Кинотуынды Қазақстанның Тұңғыш Пезиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы туралы баяндайды. 

     

    Мәдениет саласындағы екіжақты қатынасты нығайтуға бағытталған Қазақ киносының күндері жобасының мақсаты – моңғол көрермендерін Қазақстанның бүгінгі киноматографиясымен, халқымыздың тарихы және дәстүрімен таныстыру болып табылады. 



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019